Колледждегі шахмат үйірмесі: зияткерлік қабілетті дамыту
26 қараша, 2025
Колледжде студенттердің зияткерлік қабілеттерін дамыту, ой-өрісін кеңейту және бос уақыттарын тиімді ұйымдастыру мақсатында шахмат үйірмесі тұрақты түрде жұмыс жасайды. Үйірме барысында білім алушыларға шахмат ойынының теориялық негіздері, тактикалық әдістері мен стратегиялық жоспарлау дағдылары үйретіледі. Сонымен қатар, студенттердің логикалық әрі сыни ойлау қабілеттерін жетілдіру, жылдам шешім қабылдауға баулу және төзімділікке тәрбиелеу көзделген.