«Рухани байлық – ұлттың тірегі» танымдық іс-шарасы
10 қараша, 2025
07.11.2025ж. әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде Экономика және қоғамдық-гуманитарлық пәндер ПЦК апталығы жоспарына сәйкес, Қазақ тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы А.С.Турегельдиеваның жетекшілігімен, "Адал азамат" біртұтас тәрбие бағдарламасы негізінде “Рухани байлық- ұлттың тірегі” атты танымдық іс-шара өткізілді. Бұл іс-шараның мақсаты: Рухани байлық-адамның ішкі дүниесінің, мәдениетінің, адамгершілігінің көрінісін, елдің өркендеуін, ұлттың мықтылығы оның рухани деңгейімен байланыстылығын білімалушылардың бойында дарыту.
Әр білімалушы рухымызды биік ұстап, ізгілік пен адалдықты өмір қағидасына айналдыру керектігін түсінді. Халықтың рухани тірегі - оның тілі, діні, мәдениеті мен өнері екендігін бойларына сіңіре білді