Сабақ ПР-303 тобында сағат 11:35-тен 12:20-ға дейін өткізілді.
Ашық сабақты оқытушы Сүлейменова Ләззат Әзімқызы жүргізді.
Сабақ барысында жазаның ұғымы, мақсаттары мен түрлері, сондай-ақ олардың заңдылық пен әділдікті қамтамасыз етудегі рөлі қарастырылды.
Студенттер белсенділік танытып, оқу материалын білетіндіктерін және тақырыпты меңгеруге қызығушылықтарын көрсетті.
Әкімшілікке және әріптестерге қатысқандары мен қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамыз!