Жасанды интеллект пен робототехника: бүгінгі мүмкіндіктер және болашақтың бағытыFarabi University

Жасанды интеллект пен робототехника: бүгінгі мүмкіндіктер және болашақтың бағыты

29 қаңтар, 2026

«Жасанды интеллект — адам ақыл-ойының технологиядағы көрінісі,
ал робототехника — сол ақылдың нақты әрекетке айналған формасы» десек қате айтпаған болар едік. 
      Қазіргі таңда жасанды интеллект деректерді талдап, үйреніп, шешім қабылдауға көмектесіп отыр. Ол медицинада ауруды ерте анықтауға, білім саласында жеке оқыту жүйелерін дамытуға, өндірісте өнімділікті арттыруға кеңінен қолданылуда. Бүгін 28.01.2026 жылы көпті толғандырған мәселе ретінде робототехника жайында оқытушыларымен «Жасанды интеллект пен робототехника: бүгінгі мүмкіндіктер және болашақтағы даму» тақырыбында практикалық-семинар сабақ өтті. Семинарда студенттердің үйренгені мен білгені көп болды. 
      «Технология дамыған сайын, оны дұрыс пайдалана білу — ең басты құндылық. Болашақ — технологияны қолдана білгендердің қолында» демекші Болашақ — жаңа идеяға ашық, цифрлық сауатты ұрпақтың қолында.
      Робототехника саласы бойынша тәжірибелік жұмыстар жүргізуде студенттерге заманауи роботтарды баскару мен колдану мумкіндіктерін касіби денгейде керсеткені үшін Абай атындаты
Казак ұлттық педагогикалық университетінің,
Математика, физика жане информатика
факультетінің информатика жане білімді
ақпараттандыру кафедрасының, окытушыларына шын жүректен алғыс білдіреміз.