«Заң мен тәртіп – бейбіт өмірдің кепілі» атты кездесу
2026 жылғы 9 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Студенттер қалашығы мамандарының ұйымдастыруымен №9 Студенттер үйінде «Заң мен тәртіп – бейбіт өмірдің кепілі» тақырыбында танымдық кездесу өтті. Іс-шараның негізгі мақсаты – студенттер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық тәртіптің маңыздылығын түсіндіру болды.
Жиналысқа Философия және саясаттану факультетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары Аязбаева Бейбіт қатысып, студенттерге заң талаптарын сақтау, жауапкершілік пен тәртіптің қоғамдағы рөлі туралы мазмұнды ойларымен бөлісті. Кездесу барысында студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасу жүргізді. Шара жастардың құқықтық санасын нығайтуға және бейбіт, қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталды.

