Өскелең ұрпақ тәрбиесі – «Адал азамат» бағдарламасының басты мақсатыFarabi University

Өскелең ұрпақ тәрбиесі – «Адал азамат» бағдарламасының басты мақсаты

5 қыркүйек, 2025

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің оқытушылары мен білім алушыларына «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын жүзеге асыру аясында директордың оқу-тәрбиесі жөніндегі орынбасары Идрисова Г.А. кездесу өткізді.

Дөңгелек үстел барысында басты мақсат — өскелең ұрпақты патриоттық және рухани-адамгершілік бағытта тәрбиелеу болып табылатын «Адал азамат» жобасының іске асырылуы талқыланды. Бұл жобада адалдық, әділдік, әлеуметтік жауапкершілік, Қазақстанның еңбегі мен мәдени мұрасын құрметтеу қағидаттары бірінші орында болуы тиіс екені атап өтілді.