«Таза Қазақстан» акциясы аясында колледжде сенбілік өттіFarabi University

«Таза Қазақстан» акциясы аясында колледжде сенбілік өтті

20 қыркүйек, 2025

«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде сенбілік өтті.

2025 жылғы 20 қыркүйек күні елімізде өтіп жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті колледжінде сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шараға колледж ұжымы, оқытушылар белсене қатысты.

Сенбілік барысында оқу орнының аумағы қоқыстан тазартылып, жасыл желектерге күтім жасалды. Бұл шараның басты мақсаты — жастардың экологиялық мәдениетін арттыру, табиғатқа деген сүйіспеншілік пен жауапкершілікке тәрбиелеу болды.