Колледжде кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылыққа қарсы шара өттіFarabi University

Колледжде кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылыққа қарсы шара өтті

24 қыркүйек, 2025

24.09.2025 күні  Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  колледж білімалушыларына кәмелетке толмаған жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылық пен қылмысты алдын алу, оның ішінде колледж студенттерінің қатысуымен орын алатын бұзақылық, топтасып төбелесу, заңсыз қаржы жинау, түнгі уақытта ата-ана қадағалауынсыз қоғамдық жерлерде жүру фактілері мақсатында кәмелетке толмағандардың қатысуымен жасалатын қылмыс пен құқықбұзушылық,буллинг,алаяқтық және нашақорлықты алдын  алу бойынша «Заң және жасөспірім» тақырыбында кездесу өткізілді.

Кездесуде кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға инспекторы, полиция капитаны Бейбіт Маржан Құрманғазықызы, Алматы қаласы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі полиция майоры Досболова Сулушаш Акылбековна мен Әл-Фараби атындағы Қазақ ҰУ-нің Жағдаятты басқару орталығының  Ішкі Қадағалау қызметінің бас маманы Қалияқберов Серікжан Сапышұлы баяндама жасады.