Қазақстанның цифрлық болашағы: Qazaqstan IGF 2025 форумы өттіFarabi University

Қазақстанның цифрлық болашағы: Qazaqstan IGF 2025 форумы өтті

15 қазан, 2025

2025 жылғы 15 қазанда «Қазақстанның цифрлық болашағы» тақырыбында Qazaqstan IGF 2025 диалогтық форумы ұйымдастырылды. Qazaqstan IGF Біріккен Ұлттар Ұйымының қолдауымен өткізілетін Ғаламдық интернетті басқару форумына (Internet Governance Forum) колледждің арнайы пәндер оқытушысы Темірбаева А.А. «Бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығының 3 курс студенттерімен қатысты.

IGF аймақтық және ұлттық бастамалары төрт құрлықтағы 85 елде және 17 аймақта ұсынылған. Qazaqstan IGF — бұл интернетті басқару және киберқауіпсіздікке қатысты көптеген мәселелерді талқылау үшін мемлекеттік органдар, жеке сектор, азаматтық қоғам және академиялық орта өкілдерінің қатысуымен өтетін жыл сайынғы бірегей ұлттық форум.

Форумға Эстония Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Яап Ора, Центр Кредит Банкінің Ақпараттық қауіпсіздік орталығының атқарушы директоры Дмитрий Шапошников және басқа да спикерлер қатысты.