Полиция қызметкерінің қатысуымен кибербуллинг және жасөспірімдердің жауапкершілігі тақырыбында семинарFarabi University

Полиция қызметкерінің қатысуымен кибербуллинг және жасөспірімдердің жауапкершілігі тақырыбында семинар

10 қазан, 2025

Бүгін Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде құқық қорғау органдары қызметкерінің қатысуымен семинар өтті.

Семинарға Түрксіб ауданының ОЮП ОМПС кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға учаскелік инспекторы, полиция майоры Мусаева Гүзель Исрапуловна қатысты.

Семинардың мақсаты:

  • Кибербуллинг және киберқауіпсіздік ұғымдарымен таныстыру;

  • Кибербуллинг және киберқауіпсіздік саласындағы жасөспірімдердің жауапкершілігі;

  • Моральдық және әлеуметтік жауапкершілік;

  • Өмірге жауапкершілік сезімін қалыптастыру.