Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Қазақ ұлттық колледжінің мақтанышы!
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінің студенттері — Қасымбеков Мұзафар Алмасбекұлы және Оразбай Хадиша Талғатқызы түркі елдерінің жастар саясатын дамытуға қосқан үлесі үшін марапатталып, «Түркі халықтарының үздік студенті» халықаралық конкурсының жеңімпаздары атанды.
Конкурс «Bilim-orkenieti» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығы және «Жаңа Қазақстан» Республикалық инновациялық орталығы бірлесе ұйымдастырды.
Конкурсқа алты түркі елінің өкілдері қатысты: Әзірбайжан, Түркия, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түрікменстан
Марапаттау рәсімі 2025 жылғы 25 қазанда еліміздің астанасы — Астана қаласында, Astana Media Center (Қазмедиа Орталығы) ғимаратында өтті.
Шараға Қазақстан Республикасының дамуына елеулі үлес қосып жүрген көрнекті тұлғалар қатысты. Олар спикер ретінде сөз сөйлеп, марапаттарды жеңімпаздарға жеке табыс етті.
Екі студентке де марапаттар берілді.