Колледжде гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы психологиялық тренинг өттіFarabi University

Колледжде гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы психологиялық тренинг өтті

3 желтоқсан, 2025

Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет аясында колледжімізде қауіпті жағдайдан шығу және эмоционалды тұрақтылық тақырыбында психологиялық тренинг өткізілді.

Тренингті колледждің педагог-психологы Сейтова А.А. жүргізіп, студенттерге қауіпті жағдайда өзін қорғау, күйзеліс кезінде дұрыс әрекет ету, эмоцияларды тану және басқару дағдыларын үйретті.

Студенттер белсенді қатысып, маңызды практикалық кеңестер алды. Мұндай шаралар жастардың қауіпсіздік туралы хабардарлығын арттырып, эмоционалды тұрақтылығын нығайтады.