Педагогикалық кеңес: жартыжылдық қорытынды
22 қаңтар, 2026
📌 Педагогикалық кеңес өтті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ колледжінде 2025–2026 оқу жылының І жартыжылдығының қорытындысына арналған педагогикалық кеңес өтті. Кеңесті колледж директоры М.Н. Аппакова жүргізді.
Кеңес барысында Алматы қаласы Білім басқармасының «Қалалық дене шынықтыру және спорт оқу-тәжірибелік орталығы» ұйымдастырған “USTAZ CUP” қалалық жарысында жоғары нәтиже көрсеткен колледж ұстаздары мен қызметкерлері марапатталып, құттықталды.
Сондай-ақ колледждің оқу, оқу-әдістемелік және оқу-тәрбие жұмыстары бойынша есептері тыңдалып, алдағы міндеттер айқындалды.
👏 Ұжымымызды жетістіктерімен құттықтаймыз!