ТДМ №4: Желтоқсан айында студенттерге тегін тамақтану талондары берілді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қабырғасында 2025–2026 оқу жылына арналған әлеуметтік қолдау бағдарламалары аясында студенттерге көмек көрсету жұмыстары тұрақты түрде жүзеге асырылуда. Желтоқсан айында аталған бағдарлама негізінде әлеуметтік тұрғыдан осал топқа жататын, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше қажеттіліктері бар, сондай-ақ оқу үлгерімі жоғары әрі қоғамдық белсенділігімен ерекшеленетін студенттерге 40 тегін тамақтану талоны үлестірілді.
Бұл шара студенттердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға, олардың білім алуына қолайлы орта қалыптастыруға және күнделікті тұрмыстық қажеттіліктерін жеңілдетуге бағытталған.
Университет аумағындағы асханалар мен кофеханалар студенттерге сапалы әрі қолжетімді тағам ұсынуды жалғастырып келеді. Алдағы уақытта да университет тарапынан әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасып, жастарға барынша қолайлы жағдай жасауға басымдық берілмек.