«Заң мен тәртіпті сақтау – әр азаматтың міндеті» атты кездесу
2026 жылғы 19 ақпанда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті-інде Студенттер қалашығы мамандарының ұйымдастыруымен №15 Студенттер үйінде «Заң мен тәртіпті сақтау – әр азаматтың міндеті» тақырыбында тәрбиелік мәні зор кездесу өтті.
Аталған шараның басты мақсаты – студенттер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, заң талаптарын құрметтеу мәдениетін қалыптастыру және қоғамдық тәртіпті сақтаудың маңыздылығын түсіндіру болды.
Кездесуге Бостандық аудандық полиция басқармасы-ның инспекторлары қатысып, құқықбұзушылықтың алдын алу, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік, сондай-ақ жастар арасында жиі кездесетін құқықтық мәселелер туралы кеңінен ақпарат берді. Сонымен қатар, интернет алаяқтық, қоғамдық орындардағы тәртіп ережелері мен қауіпсіздік шаралары жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, құқық қорғау саласы мамандарынан нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар үшін мазмұнды әрі тағылымды болды.
Осындай іс-шаралар жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, заң мен тәртіпті құрметтеуге және қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуге үлкен ықпал етеді.


