ТДМ – 4: Коммуникативтік дағдыларды дамыту: физика-техникалық факультет студенттерімен кездесуFarabi University
Референдум 15 марта

ТДМ – 4: Коммуникативтік дағдыларды дамыту: физика-техникалық факультет студенттерімен кездесу

17 ақпан, 2026

Университеттің физика-техникалық факультетінде студенттермен коммуникативтік дағдыларды дамытуға арналған кездесу өтті.

Кездесу барысында тиімді қарым-қатынастың маңызы, оқу және әлеуметтік ортадағы коммуникация ерекшеліктері, сондай-ақ өзара әрекеттесу барысында туындайтын қиындықтар талқыланды. Студенттер белсенді түрде пікір алмасып, өз тәжірибелерімен бөлісті.

Теориялық бөлімнен кейін интерактивті жаттығу өткізілді. Бұл жұмыс студенттердің өз ойын анық жеткізу, тыңдай білу, диалог құру және конструктивті қарым-қатынас орнату дағдыларын дамытуға бағытталды.

Өткізілген іс-шара студенттердің коммуникациялық мәдениетін дамытуға, өзара сенімділік пен психологиялық қауіпсіз ортаны қалыптастыруға ықпал етті.