Қарақалпақ мемлекеттік университеті делегациясының ҚазҰУ музейіне келуіFarabi University
Референдум 15 марта

Қарақалпақ мемлекеттік университеті делегациясының ҚазҰУ музейіне келуі

24 ақпан, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті музейіне Қарақалпақ мемлекеттік университеті делегациясы келді. Қонақтар университет тарихымен, ғылыми жетістіктерімен және мәдени мұрасымен танысты.

Делегация мүшелерінің ерекше қызығушылығын ұлттық тарихымыздың символына айналған Алтын адам экспозициясы тудырды. Қонақтар бірегей археологиялық жәдігердің тарихи маңыздылығын атап өтіп, оның түркі әлемі үшін құндылығына жоғары баға берді.

Кездесу жылы әрі іскерлік жағдайда өтіп, тараптар ғылыми-мәдени ынтымақтастықты нығайтуға дайын екендіктерін білдірді.