Референдумға қатысудың маңызы түсіндірілдіFarabi University
Референдум 15 марта

Референдумға қатысудың маңызы түсіндірілді

27 ақпан, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде заң факультетінің Азаматтық құқық және азаматтық іс жүргізу, еңбек құқығы кафедрасының ұйымдастыруымен «Жас ұрпақ және ел болашағы: референдумға қатысу – саналы қадам» тақырыбында  дөңгелек үстел отырысы өтті.

Басты мақсат – жастардың азаматтық белсенділігін арттыру, құқықтық сауаттылықты арттыру және маңызды саяси науқанға саналы түрде қатысу мәдениетін қалыптастыру.

Шараға белгілі заңгер ғалымдар, мемлекеттік органдардың қызметкерлері, университет оқытушылары мен білім алушы жастар қатысты. Дөңгелек үстел отырысында референдумның құқықтық негіздері және мемлекеттің стратегиялық дамуындағы рөлі жан-жақты талқыланды.

Жиынға қатысушы сарапшылар жастардың қоғамдық-саяси науқанға қатысуы жай ғана дауыс беру емес, елдің болашағы үшін тікелей жауапкершілік екенін атап өтті. Олар конституциялық өзгерістердің мәніне тоқталып, еңбек саласындағы кепілдіктердің күшеюіне ерекше назар аударды. Атап айтқанда жастар үшін еңбек бостандығы, қауіпсіз еңбек жағдайлары және әділ жалақы алу құқығы секілді нормалардың маңыздылығына мән берілді.

Дөңгелек үстел аясында жиылғандар референдумның құқықтық негіздері мен маңыздылығын түсіндіру, елдің болашағын айқындайтын стратегиялық шешімдер қабылдауға қатысудың маңыздылығын талқылау және құқықтық сауаттылық пен саяси мәдениетті қалыптастыру жөнінде пікір алысып, ұсыныстарын ортаға салды.

Жиын қорытындысында жастардың азаматтық белсенділігін ынталандыруға бағытталған нақты ұсынымдар әзірленді.

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі