Белгілі дипломат, университет түлегі Константин Жигалов ҚазҰУ тарихы мұражайына келді — КазНУ

Белгілі дипломат, университет түлегі Константин Жигалов ҚазҰУ тарихы мұражайына келді

4 марта 2026
Белгілі дипломат, университет түлегі Константин Жигалов ҚазҰУ тарихы мұражайына келді

Мемлекет және қоғам қайраткері, Төтенше және Өкілетті Елші Константин Жигалов әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенттері мен оқытушылары алдында танымдық лекциясын оқыды. Соңында университет тарихына арналған мұражайда оқу орнының қалыптасуы мен дамуына арналған экспозицияларымен танысты.

Константин Жигалов - ҚазҰУ тарих факультетінің 1981 жылғы түлегі. Туған университетіне оралған ол өзінің студенттік жылдарын және оқу орнының атмосферасын жылы лебізбен еске алды