«Canon» делегациясы ҚазҰУ тарихымен таныстыFarabi University
Референдум 15 марта

«Canon» делегациясы ҚазҰУ тарихымен танысты

5 наурыз, 2026

ҚазҰУ тарихы мұражайына Қазақстандағы «Canon» компаниясының өкілдері келді. Қонақтар университеттің қалыптасуы мен дамуына, оның ғылыми жетістіктері мен танымал түлектеріне арналған экспозициялармен танысты

Сапар барысында компания тарапынан Қазақстандағы Canon өкілдігінің басшысы Леонид Линдин және Оңтүстік Қазақстан мен Қырғызстан Бойынша менеджер Виктор Сломинский қатысты. Қонақтар университет тарихына қызығушылық танытып, оның білім мен ғылымның дамуына қосқан үлесін атап өтті