Farabi University

ҚазҰУ сарапшылары GeoAI конференциясында озық шешімдерді таныстырады

7 сәуір

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жетекші мамандары 7 сәуір күні Астана қаласында өтетін Esri Central Asia GeoAI саммитіне қатысады.

Сессия барысында Farabi Supercomputer Center директоры Әмірхан Темірбаев пен Farabi Cluster бас директоры Өміржан Тәукебаев баяндама жасайды. Олар «GeoAI міндеттерін шешуге кешенді тәсіл: аппараттық платформа, сараптама және Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың ғылыми әлеуеті» тақырыбы аясында суперкомпьютер жұмысының алғашқы практикалық нәтижелерін, GeoAI міндеттеріне арналған инфрақұрылым архитектурасын және Қазақстанның жергілікті аэрофототүсірілімдері мен ғарыштық деректері негізінде модельдерді оқытудың алғашқы тәжірибесін таныстырады.

ҚазҰУ-дың қуатты суперкомпьютер базасы мен геоақпараттық жүйелер мамандарының ғылыми әлеуеті арқасында бүгінде Қазақстанда GeoAI бағыты жаңа технологиялық деңгейге көтерілуде. Оның аясында жоғары өнімді есептеулердің ұлттық платформасы мен отандық ЖИ модельдерінің кітапханасы қалыптасуда.

Барша қызығушылық танытушыларды отандық ғылым мен технологияның тоғысқан сәтіне куә болуға шақырамыз!

Тіркелу: https://www.esri-cis.com/ru-ru/events/2026/esri-ca-geoai-summit

Басқа хабарландырулар

29 сәуір-30 сәуір

«Физикадағы қазіргі зерттеулер және негізгі физикалық білім» 10 шы Халықаралық ғылыми конференциясы өтеді

Конференция қазіргі физикадағы өзекті мәселелерді талқылау және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту үшін ғалымдарды біріктіреді.

28 наурыз

Хабарландыру!

Құрметті халықаралық «Әл-Фараби 2026» олимпиадасының 3-турына қатысушы талапкерлер!