ҚазҰУ ҒЗИ-дың әйел қызметкерлерін мерекемен құттықтады
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты кездесу өтті. Мерекелік шара аясында университеттің ғылыми-зерттеу институттарында (ҒЗИ) еңбек етіп жүрген нәзік жандарға ерекше құрмет көрсетілді.
Жиын барысында ҚазҰУ Басқарма мүшесі – ғылыми-инновациялық қызмет жөніндегі проректор Марғұлан Ибраимов әріптестерін мерекемен құттықтады. Ол әйелдердің отандық ғылымды дамытудағы маңызды рөлін атап өтіп, олардың кәсібилігі, адал еңбегі және ғылыми жобаларды сәтті жүзеге асыруға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.

Жиында Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаевтың атынан ҒЗИ қызметкерлеріне алғыс хаттар табысталды.

Сондай-ақ университеттің ғылыми-инновациялық қызметіне қосқан айрықша үлесі мен көпжылдық еңбегі үшін бірқатар маман «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Кездесуде әйел ғалымдардың халықаралық ынтымақтастықты дамытуға, инновациялық шешімдерді енгізуге және университеттің заманауи ғылыми ортасын қалыптастыруға белсенді атсалысып жүргені ерекше атап өтілді.











Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар