ҚазҰУ-дың брендтік киімдері сыйға тартылдыFarabi University
Референдум 15 марта

ҚазҰУ-дың брендтік киімдері сыйға тартылды

6 наурыз, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде имидждік топ мүшелеріне және музей мен кітапхана қызметкерлеріне арнайы әзірленген брендтік киімдер табысталды. Жоба қызмет көрсету мәдениетін арттырып, университеттің бірегей бейнесін айқындауды көздейді.

Жаңа киім үлгілері университеттің ресми корпоративтік тұжырымдамасына сай тігіліп, классикалық стиль мен қазіргі заманғы сән үрдістерін үйлестіреді. Дизайнда оқу орнының мекемелік түстері мен логотипі негізге алынып, жоғары сапалы маталар қолданылған. Ерекше стиль мен сапалы тігіс қызметкерлердің іскерлік бейнесін нығайтып, оқу ордасының мәртебесін паш етеді.

Имидждік топ мүшелері бұл киімдерді халықаралық форумдарда, ресми кездесулер мен маңызды іс-шараларда киетін болады. Ал кітапхана мен музей қызметкерлері үшін бірыңғай форма күнделікті жұмыс процесінде қолданылады.

Бірыңғай стиль студенттер мен қонақтарға қызметкерлерді оңай тануға мүмкіндік беріп, өзара байланысты жеңілдете түспек.

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі