Шетелдік студент қыздарға мерекелік кеш ұйымдастырылдыFarabi University
Референдум 15 марта

Шетелдік студент қыздарға мерекелік кеш ұйымдастырылды

7 наурыз, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Халықаралық әйелдер күніне орай, шетелдік білім алушы жастарға мерекелік кеш ұйымдастырылды.

Салтанатты шараға түрлі мемлекеттен келіп, білім алып жатқан жастар жиналды.

Кешті ҚазҰУ-дың Басқарма мүшесі – тұрақты әлеуметтік даму жөніндегі проректор Бақытжан Омаров ашып, оқу ордасының ректоры Жансейіт Түймебаевтың арнайы құттықтауын жеткізді. Проректор өз сөзінде студент қыздардың білім жолындағы табандылығы мен белсенділігін атап өтіп, олардың түрлі ғылыми жобаларға, мәдени-танымдық іс-шараларға және қоғамдық жұмыстарға белсене қатысып жүргенін айтты.

Мерекелік шарада студенттер назарына арнайы концерттік бағдарлама ұсынылды. Әр елдің мәдениетін таныстыратын шағын көріністер мен музыкалық композициялар орындалып, кештің сәнін келтірді.

 

 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі