2026 жылы 24 сәуірде Алматы қаласында өтетін «Тәжірибеден — жобаға» атты VI Халықаралық конференцияға шақыруFarabi University

2026 жылы 24 сәуірде Алматы қаласында өтетін «Тәжірибеден — жобаға» атты VI Халықаралық конференцияға шақыру

11 наурыз, 2026

Құрметті әріптестер!

Сіздерді 2026 жылғы 24 сәуірде Алматы қаласында (Қазақстан) өтетін VI Халықаралық студенттер мен жас ғалымдардың «Тәжірибеден жобаға» атты конференциясына қатысуға шақырамыз.

Біздің жыл сайынғы конференциямыз дарынды студенттерді, жас зерттеушілер мен жаңашылдарды біріктіріп, ғылыми жетістіктерді таныстыруға, зерттеу тәжірибесімен алмасуға және идеяларды практикалық жобаларға айналдыруға мүмкіндік береді. Іс-шара ғылыми пікірталастар, ынтымақтастық және кәсіби даму үшін динамикалық академиялық алаң ұсынады.

Конференция аясында келесі секциялар жұмыс істейді:

1. Медицина және клиникалық зерттеулер;

2. Фармация және биомедициналық технологиялар;

3. Жаратылыстану ғылымдары және денсаулық сақтаудағы цифрлық шешімдер.

 Қатысу түрлері:

Күндізгі қатысу – тезистерді жариялау және ауызша баяндама жасау;

Сырттай қатысу – тезистерді электрондық жинақта жариялау.

 Конференцияның жұмыс тілдері: қазақ, ағылшын, орыс.

 Секция модераторларының байланыс деректері:

1. Медицина және клиникалық зерттеулер – Тарғынова Ақбота Тарғынқызы

тел.: +77011508580, targynova.akbota@med-kaznu.com

2. Фармация және биомедициналық технологиялар – Шерелхан Динара Күмісханқызы

тел.: +77085186525, sherelkhan.dinara2@med-kaznu.com

3. Жаратылыстану ғылымдары және денсаулық сақтаудағы цифрлық шешімдер – Сырғабек Ерқанат Арқынұлы

тел.: +77781452838, syrgabek.yerkanat@med-kaznu.com

Қатысу шарттары: тезистерді жариялау және ауызша баяндама жасау тегін. Өтінімдер мен тезистерді қабылдау мерзімі – 2026 жылғы 15 сәуірге дейін.

 Өтінім беру тәртібі

Конференцияға қатысу үшін 2026 жылғы 15 сәуірге дейін келесі қадамдарды орындау қажет:

1. Сілтеме арқылы тіркеу формасын толтыру.

2. Сілтемеде қолжетімді үлгіге сәйкес рәсімделген тезистерді тіркеу.

3. Сілтемеде қолжетімді үлгі бойынша презентация дайындау.

 Баяндама ұзақтығы: 10 минутқа дейін.

Маңызды ескерту: Ұйымдастыру комитеті конференция тақырыбына сәйкес келмейтін немесе талаптарға сай рәсімделмеген материалдарды қабылдамау құқығын өзіне қалдырады.

Конференция аясында 1–2 курс медициналық бағыттағы студенттер арасында «CLINICAL GAMES: ӨМІР КОДЫ» атты жоғары оқу орындары арасындағы олимпиада өтеді.

Олимпиада бағдарламасы келесі пәндер бойынша теориялық және практикалық дайындықты бағалауды қамтиды:

- Адамның қалыпты анатомиясы;

- Қалыпты физиология;

- Гистология;

- Практикалық дағдылар.

 Қатысу шарттары: Өткізу форматы – командалық турнир. Әр университеттен 6 студенттен тұратын 2 команда қатыса алады. Қазақстан Республикасы мен шетелдік студенттер қатыса алады.

Өтінім беру мерзімі: 2026 жылғы 10 сәуірге дейін.

Тіркелу үшін қатысушылар тізімін (аты-жөні, курсы, факультеті, команда жетекшісінің байланыс деректері) келесі электрондық поштаға жіберу қажет: olympicgames@med-kaznu.com

Қабылдаушы университет тек Олимпиаданы ұйымдастыруды қамтамасыз ететінін назарға аламыз. Іс-шара бір күнге жоспарланған.

Құрметпен

«Тәжірибеден жобаға»

VI Халықаралық конференциясының

Ұйымдастыру комитеті

Конференция сайты:

Электрондық пошта: aitzhan.mengtay@med-kaznu.com

Telegram/WhatsApp: +7 775 604 01 58

https://www.instagram.com/p/DWMW66mjCVu/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==

Ұйымдастыру комитетінің мекенжайы: Алматы қ., Төле би көш., 206 каб.