8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтауFarabi University
Референдум 15 марта

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтау

6 наурыз, 2026

2026 жылғы 6 наурыз күні Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті студенттер қалашығында 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік құттықтау іс-шарасы ұйымдастырылды.

Аталған шараны студенттер қалашығының мамандары ұйымдастырып, студенттік қалашықтың меңгеруші аруларын көктемнің жарқын мерекесімен құттықтады. Іс-шара барысында әйелдердің қоғамдағы орны мен еңбегі ерекше атап өтіліп, жүрекжарды жылы лебіздер мен ізгі тілектер айтылды.

Мерекелік кездесуде қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйланып, сый-сияпаттар табысталды. Осындай игі шаралар ұжымдағы бірлік пен сыйластықты нығайтып, мерекенің маңызын арттыра түсті.