«Студенттік Ар-намыс кодексі-абыройлы өмір жолы» тақырыбында студенттермен бейресми кездесуFarabi University
Референдум 15 марта

«Студенттік Ар-намыс кодексі-абыройлы өмір жолы» тақырыбында студенттермен бейресми кездесу

10 наурыз, 2026

2026 жылғы 10 наурызда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Студенттер қалашығы мамандарының ұйымдастыруымен №9 Студенттер үйінде «Студенттік Ар-намыс кодексі – абыройлы өмір жолы» тақырыбында студенттермен бейресми кездесу өтті.

Іс-шараның мақсаты – студенттер арасында Ар-намыс кодексінің маңыздылығын түсіндіру, академиялық адалдық қағидаларын насихаттау, сондай-ақ жастарды жауапкершілікке, жоғары мәдениет пен адамгершілік құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу болды.

Кездесу барысында студенттік ортадағы тәртіп, әдеп нормалары, білім алудағы адалдық, өзара сыйластық пен жауапкершілік мәселелері кеңінен талқыланды. Студенттер өз ойларын еркін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойып, пікір алмасты.

Жиынға Философия және саясаттану факультетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі деканның орынбасары Аязбаева Бейбіт қатысып, студенттерге Ар-намыс кодексінің маңызы мен оның студент өміріндегі рөлі туралы айтып өтті. Ол жастарды білім алуда адалдықты сақтауға, университеттің ішкі тәртіп ережелерін құрметтеуге және қоғамға пайдалы, саналы азамат болуға шақырды.