ҚазҰУ ректоры референдумда дауыс бердіFarabi University

ҚазҰУ ректоры референдумда дауыс берді

15 наурыз, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Басқарма Төрағасы – Ректор Жансейіт Түймебаев жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумға қатысып, №259 учаскесінде дауыс берді.

Ректор өз сөзінде саяси науқанның маңыздылығына тоқталды. Азаматтардың мұндай үдерістерге қатысуы белсенді азаматтық ұстаным мен мемлекет болашағына деген жауапкершіліктің айқын көрінісі екенін атап өтті.

«Жаңа бағыттағы Конституциямен біздің еліміз әрі қарай дамып, өркендей береді деп сенемін. ҚазҰУ оқытушылары мен  студенттері қалашықтағы учаскелерде дауыс беріп жатыр. Олар мықты мемлекеттің келешегі үшін өз таңдауларын жасап, көзқарастарын білдіруде», - деді ректор Жансейіт Түймебаев.

Айта кетейік, ҚазҰУ қалашығында үш референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Мұнда университет студенттері, қызметкерлер мен жергілікті тұрғындар бекітілген тізім бойынша дауыс беруде.

Учаскелерде дауыс берушілер үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. 

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі