Қытай – Орталық Азия баспа орталығының салтанатты ашылуында сөйлеген сөзіFarabi University

Қытай – Орталық Азия баспа орталығының салтанатты ашылуында сөйлеген сөзі

16 наурыз, 2026

Құрметті қонақтар, қадірлі әріптестер! 

Бүгін біз Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің қабырғасында маңызды әрі тарихи оқиғаның куәсі болып отырмыз.

Қытай – Орталық Азия баспа орталығының салтанатты ашылуымен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын!

 

Бүгінгі маңызды шараға Қытай Халық Республикасынан арнайы келген мәртебелі қонақтарымыз қатысуда.

Солардың ішінде делегацияның басты өкілдерін атап өтуге рұқсат етіңіздер:

Су Фанцю – Алматы қаласындағы ҚХР бас консулы;

Цай Вэй – Сиань Цзяотун университетінің вице-президенті;

Хань Юнцзюнь – Сиань Цзяотун университеті активтер компаниясының төрағасы;

Ли Чжун – Сиань Цзяотун университеті баспасының директорлар кеңесінің төрағасы;

Чэнь Ли – Қытай – Орталық Азия баспа орталығының директоры.

 

Сондай-ақ кездесуге Сиань Цзяотун университетінің жетекші профессорлары, халықаралық бөлім мамандары мен баспа ісінің білікті сарапшылары қатысып отыр.

Қара шаңыраққа қош келдіңіздер!

 

Қытай – Орталық Азия баспа орталығының құрылуы – заманауи ғылым, білім және мәдениет кеңістігіндегі жаңа серіктестіктің алтын діңгегі.

Ол Қытай мен Орталық Азия елдерінің ғылыми және зияткерлік әлеуетін тоғыстыратын бірегей халықаралық платформаға айналатынына сенімім кәміл.

Бұл бастама мемлекеттеріміз арасындағы достық пен ынтымақтастықтың өрісін бұрынғыдан да кеңейте түспек.

 

Уважаемые гости, дорогие коллеги! 

Основная цель нового центра – это качественное развитие издательского дела, совершенствование переводческой деятельности и укрепление культурно-гуманитарных связей между нашими государствами.

Мы создаем платформу, которая позволит широко распространять научные достижения, реализовывать совместные проекты и укреплять профессиональный диалог между исследователями.

Этот центр – важный культурный мост, возрождающий духовные традиции Великого Шелкового пути. Если в древности этот путь связывал народы через торговлю, то сегодня мы формируем новое интеллектуальное пространство.

        Пространство, которое сближает нас через книги, фундаментальные знания и высокую науку.

 

Құрметті қатысушылар! 

Орталықтың қызметі бірнеше стратегиялық бағытты қамтиды:

Біріншіден, Қытай мен Орталық Азия елдерінің ғылыми және әдеби туындыларын өзара аудару және жариялау.

Екіншіден, бірлескен академиялық зерттеулерді жандандырып, ғылыми басылымдарды дамыту.

Үшіншіден, жас ғалымдар, аудармашылар мен баспа мамандары үшін жаңа кәсіби мүмкіндіктерге жол ашу.

Бүгінгі басқосу аясында халықаралық ынтымақтастық туралы маңызды келісімдерге қол қойылып, құнды ғылыми еңбектердің тұсаукесері өтеді.

«Әл-Фарабидің философиялық еңбектер сериясын» қытай тіліне аудару және жарыққа шығару бойынша келісімге қол қойылады.

Университет кітапханасына сыйға тартылатын құнды кітаптар білім алмасу мен шынайы рухани достықтың айқын белгісі деп есептеймін.

 

Уважаемые гости! 

Казахский национальный университет имени аль-Фараби всегда открыт для международного диалога и расширения образовательных границ.

Уверен, что новый центр еще больше укрепит авторитет нашего университета в мировом научно-образовательном пространстве.

Развивая партнерство в формате «государство – университет – бизнес – медиа», мы открываем путь к реализации прорывных идей.

Выражаю искреннюю благодарность всем партнерам, поддержавшим эту благородную инициативу.

Убежден, что Китайско-Центральноазиатский издательский центр станет символом прогресса и нерушимой дружбы наших народов. 

Благодарю за внимание!