«ҚазҰУ Хабаршысы. Журналистика сериясы» журналы DOAJ базасына енгізілді
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «ҚазҰУ Хабаршысы. Журналистика сериясы» ғылыми журналы DOAJ (Directory of Open Access Journals) халықаралық дерекқорына енгізілді.
DOAJ базасына қабылдану журналдың ғылыми сапасының жоғары деңгейін, редакциялық саясаттың ашықтығын және жариялау үдерістерінің халықаралық академиялық стандарттарға сәйкестігін көрсетеді. DOAJ дерекқоры ашық қолжетімді ғылыми журналдарды индекстеумен айналысады және оған тек қатаң сараптамадан өткен, жариялау этикасы мен рецензиялау талаптарына толық сәйкес келетін басылымдар енгізіледі.
Журналдың DOAJ дерекқорына енуі оның халықаралық ғылыми кеңістіктегі танымалдылығын арттырып, жарияланған ғылыми зерттеулердің әлемдік ғылыми қауымдастыққа кеңінен қолжетімді болуына мүмкіндік береді.
Журнал туралы толық ақпарат:
https://bulletin-journalism.kaznu.kz/index.php/1-journal
Басқа жаңалықтар