Қазұу музейіне Эстония делегациясының келуі
Бүгін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің музейіне Эстониядан келген мектеп директорлары мен мұғалімдер делегациясы келді. Кездесу жылы әрі мазмұнды жағдайда өтіп, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.
Қонақтардың ерекше қызығушылығын университеттің қалыптасу тарихы тудырды. Экскурсия барысында делегация ҚазҰУ-дың 1934 жылы құрылған кезеңінен бастап, бүгінгі таңда ірі ғылыми-білім беру орталығына айналу жолымен танысты. Олар университеттің әртүрлі тарихи кезеңдерде қалай дамығаны, өзгерістерге қалай бейімделгені және қазіргі білім беру жүйесін қалай қалыптастырғаны туралы мәліметтерге ерекше назар аударды.
ҚазҰУ-дың қалыптасу тарихына деген осындай қызығушылық білім беру саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға және халықаралық ынтымақтастықты дамытуға негіз болды.


Басқа жаңалықтар