«Жасыл бастама» кең қанат жайды
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Наурызнама» онкүндігі аясында «Жасыл бастама – жарқын болашақ» атты ауқымды экологиялық акция ұйымдастырылды.
Жаңару күніне орай өткен шараның негізгі мақсаты – студенттер мен университет ұжымы арасында қоршаған ортаға деген жауапкершілікті арттыру, табиғатты қорғау мәдениетін қалыптастыру және универитет аумағын көркейту.

Акция барысында студенттік жатақханалар мен кампус аумағы толық тазартылып, іргелес жерлер заманауи үлгіде абаттандырылды. Университет кафедралары гүл егу жұмыстарына белсене араласты. №7 студенттер үйінің алды қосымша жасыл желектермен толықты. Сондай-ақ ҚазҰУ қалашығында жас алма ағаштары отырғызылды.

Шара мұнымен шектелмей, макулатура жинау арқылы қалдықтарды қайта өңдеудің маңыздылығын насихаттауға ұласты. Әлеуметтік-тәрбие департаменті мамандарының айтуынша, мұндай бастамалар жастардың бойында белсенді азаматтық ұстаным қалыптастырып, тұрақты даму қағидаттарын күнделікті өмір салтына айналдыруға септігін тигізеді.

Экологиялық акцияға университеттің студент жастары мен қызметкерлері қатысып, ортақ іске өз үлестерін қосты.

В экологической акции приняли участие студенты и сотрудники университета, внеся свой вклад в общее дело.






Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар