«Құқық бұзушылықтың салдары» тақырыбында студенттермен кездесуFarabi University

«Құқық бұзушылықтың салдары» тақырыбында студенттермен кездесу

26 наурыз, 2026

2026 жылғы 26 наурызда әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер қалашығында №14 Студенттер үйінде «Құқық бұзушылықтың салдары» тақырыбында студенттермен бейресми кездесу ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – жастар арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және оның қоғам мен жеке тұлға өміріне тигізетін кері әсерін түсіндіру болды.

Кездесу барысында Медицина және денсаулық сақтау факультетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары, аға оқытушы Серикбаева Жанар Төребекқызы студенттермен ашық пікір алмасып, құқық бұзушылықтың түрлері, оның салдары мен жауапкершілік мәселелері туралы кеңінен баяндады. Сонымен қатар, күнделікті өмірде жиі кездесетін құқықтық жағдайлар мысалға келтіріліп, олардың алдын алу жолдары түсіндірілді.

Студенттер өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды. Кездесу еркін форматта өтіп, қатысушылар арасында белсенді диалог орнады. Мұндай іс-шаралар студенттердің құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және жауапкершілік сезімін арттыруға ықпал ететіні атап өтілді.