Farabi University

«Физикадағы қазіргі зерттеулер және негізгі физикалық білім» 10 шы Халықаралық ғылыми конференциясы өтеді

29 сәуір-30 сәуір

Конференция қазіргі физикадағы өзекті мәселелерді талқылау және халықаралық ғылыми ынтымақтастықты нығайту үшін ғалымдарды біріктіреді.

Құрметті әріптестер!

Сіздерді “Қазақстан физикалық қоғамы” РҚБ Президенті, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ЭТФ ғылыми- зерттеу институтының ұйымдастырушысы және бірінші директоры, Әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, физика- математика ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақстанның еңбек сіңірген ғылымы және техникалық қайраткері» атты академик Төлеген Әбдісағиұлы Қожамқұловтың туғанына 80 жыл толуына және торлық кванттық хромодинамика бойынша КСРО-да алғашқы докторлық диссертацияны қорғауының 40 жылдығына «ФИЗИКАНЫҢ ЗАМАНАУИ ЖЕТІСТІКТЕРІ ЖӘНЕ ІРГЕЛІ ФИЗИКАЛЫҚ БІЛІМ» атты 10-шы халықаралық ғылыми конференцияға қатысуға шақырамыз.

 

Конференцияның өтетін орны: Әл-Фараби кітапханасы, 416 зал, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Әл-Фараби даңғылы, 71, 050040, Алматы, Қазақстан

Күні: 29-30 сәуір 2026 ж.

Конференция менеджері: PhD Қаласов Н.Б.

Тел.: +7 701 379 90 02