Қауіпсіздік, тәртіп және тәрбие: ортақ мақсатFarabi University

Қауіпсіздік, тәртіп және тәрбие: ортақ мақсат

1 сәуір, 2026

2026 жылғы 1 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығында Студенттік қалашық дирекциясының ұйымдастыруымен жиналыс өтті. Аталған жиынға факультет декандарының әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары мен студенттер үйлерінің меңгерушілері қатысты.

Жиналыс барысында студенттердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық тәртіпті сақтау және тәрбие жұмыстарының тиімділігін арттыру мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар студенттер үйлеріндегі тәртіп, мәдени орта қалыптастыру, профилактикалық шараларды күшейту бағытында нақты ұсыныстар мен міндеттер айқындалды.

Іс-шара қатысушылары ортақ мақсат жолында бірлесе жұмыс істеудің маңыздылығын атап өтіп, алдағы кезеңге арналған жоспарлармен бөлісті.