Заң мен тәртіпFarabi University

Заң мен тәртіп

3 сәуір, 2026

Алматы қаласының аумағында 2026 жылғы 1-10 сәуір аралығында “Құқықтық бұзушылыққа жол жоқ”, жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара аясында Бостандық ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері ҚазҰУ студенттік бөлімшесінің қоғамдық көмекшілерімін бірлесіп, құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау және жолын кесуге бағытталған кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Жүргізілетін іс-шаралар барысында түнгі уақытта сағат 23:00-ден кейін заңды  өкілдерінің еріп жүруінсіз жүрген кәмелетке толмағандар анықталып, түсіндіру жұмыстары анықталды.

Сонымен қатар, қоғамдық тәртіп сақтау, құқық бұзушылықтардың алдын алу және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша жүйелі шаралар жүзеге асырылуда.

Аталған жұмыстар тұрақты бақылауда.