Тарих арқылы мәдени сұхбат: Түркі әлемі зерттеушілерінің ҚазҰУ мұражайына келуі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мұражайында Түркі мәдениеті орталығы мен Қожа Ахмет Ясауи атындағы ғылыми-зерттеу орталығы журналдарының редакторлары келді.
Қонақтар университеттің тарихи мұрасына ерекше қызығушылық танытып, ҚазҰУ-дың қалыптасу және даму кезеңдерін көрсететін экспозициялармен мұқият танысты. Түркі әлемінің мәдени және ғылыми үлесіне арналған материалдарға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ Әл-Фараби мәдени орталықтары қонақтардың қызығушылығын тудырды. Бұл орталықтар халықаралық байланыстарды нығайтуда және қазақ мәдениетін әлемге танытуда маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.
Аталған шара тек экскурсия ғана емес, тарих, мәдениет және ғылым тоғысқан, өзара түсіністік пен ынтымақтастықты арттырған маңызды кездесу болды.
