ҚазҰУ – мәдени тартым орталығы: Қытайлық студенттердің мұражайға туристік сапарыFarabi University

ҚазҰУ – мәдени тартым орталығы: Қытайлық студенттердің мұражайға туристік сапары

7 сәуір, 2026

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мұражайына Қытайдан келген студенттер келді.

Қонақтар үшін бұл сапар жай ғана экскурсия емес, университеттің мәдени және зияткерлік кеңістігіне терең бойлау болды. Мұражай экспозициялары арқылы олар ҚазҰУ-дың қалыптасу тарихымен және елдің мәдени мұрасымен танысты.

Сондай-ақ Farabi Hub туралы ақпарат қонақтардың ерекше қызығушылығын тудырды. Заманауи технологиялар, суперкомпьютерлік жүйелер және ғылыми жобалар туралы мәліметтер үлкен әсер қалдырды.

Бұл сапар ҚазҰУ мұражайының тек тарих сақтаушы ғана емес, сонымен қатар дәстүр мен инновация тоғысқан кеңістік екенін көрсетті.