2026 жылғы 6 сәуірде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер қалашығындағы №14 Студенттер үйінде «Заң мен тәртіп» тақырыбында студенттермен еркін форматта кездесу өтті.
Кездесуге Шығыстану факультетінің әлеуметтік-тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары, аға оқытушы Шарыпқазы Нүртәліп қатысып, студенттермен өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты. Жиналыс барысында заң мен тәртіптің қоғам өміріндегі маңызын атап өтіп, әрбір жас буын өкілінің құқықтық жауапкершілікті сезінуі қажеттігін жеткізді.
Іс-шара барысында студенттер белсенділік танытып, өз ойларын білдіріп, түрлі сауалдарын қойды. Еркін әрі ашық форматта өткен кездесу қатысушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың қызығушылығын оятуға ықпал етті.


Басқа жаңалықтар
6 сәуір, 2026