ТДМ №4: Сәуір айында ҚазҰУ студенттеріне 200 тегін тамақтану талоны үлестірілдіFarabi University

ТДМ №4: Сәуір айында ҚазҰУ студенттеріне 200 тегін тамақтану талоны үлестірілді

14 сәуір, 2026

2026 жылдың сәуір айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттерді қолдауға бағытталған әлеуметтік бастама аясында 200 тегін тамақтану талондары үлестірілді.

Аталған бастама аясында университетте әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасынан шыққан, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, мүмкіндігі шектеулі, сондай-ақ оқу үлгерімі жоғары және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысатын студенттерге тегін бір реттік тамақтану талондары берілді. Бұл шара студенттердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға, олардың күнделікті қажеттіліктерін қамтамасыз етуге және оқу процесіне толыққанды көңіл бөлуіне мүмкіндік жасау мақсатында ұйымдастырылды. Аталған жоба университеттің әлеуметтік саясатындағы маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Әсіресе жатақханада тұратын студенттер үшін бұл көмектің маңызы ерекше.

Белгіленген тәртіпке сәйкес таратылған 200 талон студенттерге университет асханаларында тегін тамақтануға мүмкіндік берді. Бұл өз кезегінде олардың денсаулығын қолдауға, оқу үлгерімін арттыруға және әлеуметтік тұрақтылығын нығайтуға оң әсерін тигізеді. Университет әкімшілігі студенттердің әл-ауқатын арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырып келеді. Алдағы уақытта да білім алушыларға арналған әлеуметтік қолдау шаралары жүзеге асырылатын болады.