ТДМ №3, 4, 10: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде инклюзивті үстел ойындары турнирі өттіFarabi University

ТДМ №3, 4, 10: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде инклюзивті үстел ойындары турнирі өтті

12 сәуір, 2026

Чемпионатты ұйымдастырушылар: «Әлеуметтік инклюзивті бағдарламалар орталығы» қоғамдық қоры, Balalaroom үстел үсті спорттық ойындар клубы және DeFactoFm инклюзивті ақпараттық порталы.

Чемпионаттың басты мақсаты — спорттың, қарым-қатынастың және ойын қуанышының әр адамға қолжетімді екенін көрсету.

Үстел үсті спорттық ойындар — әртүрлі физикалық мүмкіндіктері бар адамдарды бір үстел басына жинайтын ерекше белсенділік түрі. Олар бәсекелестік рухын сезінуге мүмкіндік береді, стратегиялық ойлауды дамытады және ең бастысы — шынайы адамаралық қарым-қатынасқа жол ашады.

Ұйымдастырушылар мұндай іс-шаралар әр адам өзін көрсете алатын, жаңа достар таба алатын және үлкен әрі мықты команданың бір бөлігі екенін сезіне алатын тең мүмкіндіктер қоғамын қалыптастыруға ықпал етеді деп сенеді.

 

Ұйымдастырушылардың пікірінше, алдағы уақытта бұл чемпионат халықаралық деңгейдегі тәжірибе алмасу алаңына айналуы мүмкін. Жобаның ауқымын кеңейтіп, оның әлеуметтік маңызын арттыру мақсатында шетелдік мамандар мен серіктестерді тарту жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, чемпионатпен қатар оқушыларды үстел ойындарына үйрету және олардың танымдық қабілеттерін дамыту жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуде. Сабақтар Алматы қаласындағы BALALAROOM клубында өткізіледі. Бұл жаттығулар тек жарыс нәтижесіне емес, балаларды әлеуметтендіруге, командалық рухты нығайтуға және белсенді демалыс мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Осы бастама инклюзивті ортаны дамытуға және қоғамның барлық санаттары арасында салауатты өмір салтын насихаттауға жаңа мүмкіндіктер ашып отыр.