ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУFarabi University

ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫ — РЕКТОРЫ ЖАНСЕЙІТ ТҮЙМЕБАЕВТЫҢ АПТАЛЫҚ ЖҰМЫСЫНА ШОЛУ

19 сәуір, 2026
  • Жансейіт Түймебаев ҚазҰУ базасындағы Қазақстанның төмен биіктік экономикасы индустриялық-зерттеу орталығының салтанатты ашылу рәсіміне қатысты. 
  • Ректор «Digital Farabi - 2026» халықаралық форумында сөз сөйледі. 
  • Жансейіт Қансейітұлы «Digital Farabi - 2026» форумы аясында ұйымдастырылған инновациялық және стартап жобалардың көрмесін тамашалады. 
  • Оқу ордасының ректоры Бельгия Королінің және Еуропалық одақтың экономикалық комиссия бойынша кеңесшісі Гилберт ван Керкховемен кездесу өткізді.
  • ЖОО басшысы Dongfang Electronics Corporation компаниясының президенті Фан Чжэнцзимен жүздесіп, ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. 
  • Жансейіт Түймебаев Каспий университетінің ректоры Жолдасбек Нүсенов бастаған делегациямен шағын құрамда келіссөз жүргізді. 
  • ҚазҰУ ректоры Қытайдағы Сиань Цзяотун университетінің 130 жылдығына арналған халықаралық іс-шараларға қатысты.
  • Ректор Қытайдағы Солтүстік-батыс политехникалық университетінде білімін жалғастырып жатқан қазақстандық студенттермен кездесті. 
  • Жансейіт Қансейітұлы JJZD Integrated Housing CO., LTD компаниясының директоры Ван Сянвуды қабылдады. 
  • ЖОО басшысы МИФИ Ұлттық ядролық зерттеу университетінің проректоры Дмитрий Савкинмен кездесу өткізді.