Гонконг жастары ҚазҰУ кампусын аралады
Silk Road Journey бағдарламасы аясында Гонконгтан келген жастарға Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін таныстыруға бағытталған арнайы кампус-тур ұйымдастырылды.
Шетелдік жастар университеттің заманауи инфрақұрылымымен танысып, ғылыми орталықтар мен зертханаларды аралады.

Қонақтарға Жерді қашықтықтан зондтау және Робототехника орталығының ғылыми әлеуеті туралы ақпарат берілді. Орталықтардың ғылыми-зерттеу жұмыстары мен жобалары, сондай-ақ заманауи технологияларды қолдану мүмкіндіктері көрсетілді. Жастар түрлі міндеттерді орындауға қабілетті роботтардың жұмыс істеу принциптерін көріп, робототехника саласындағы жаңа әзірлемелерге қызығушылық танытты.

Сонымен қатар Гонконгтан келген білім алушы жастар ҚазҰУ базасында орнатылған суперкомпьютермен танысты.

Кампус-тур аясында шетелдік қонақтар ҚазҰУ музейіне де барып, университеттің қалыптасу және даму тарихы туралы мол мәлімет алды.

Танымдық тур аясында шетелдік жастар оқу ордасының халықаралық деңгейдегі заманауи оқу және зерттеу орталығы ретіндегі мүмкіндіктерін ерекше атап өтті.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар