Тарихты таныған ұрпақ ел үшін қызмет етеді — ҚазҰУ

Тарихты таныған ұрпақ ел үшін қызмет етеді

1 қыркүйек 2026
Тарихты таныған ұрпақ ел үшін қызмет етеді

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлектері – білім мен біліктіліктің, ұлттық құндылық пен заманауи ойлаудың жарқын үлгісі. 2026 жыл – тарих факультеті үшін тағы бір жарқын белес. Биылғы түлектер – тарихи білімді терең меңгерген, ғылыми ізденіске бейім, ұлттық мұраны құрметтейтін әрі жаһандық үдерістерді саралай алатын жаңа буын мамандар. Менің жетекшілігіммен дипломдық жұмыстарын өте жақсы деңгейде қорғаған бітірушілеріміз Айзере Өтемісова мен Арнұр Жекен отандық тарих ғылымының болашағы. «Ғылым ордасы» ШЖҚ РМК Қазақстан ғылымының тарихы музейінің басшысы Назира Дүйсембаева жұмыс беруші ретінде тарих факультетінің түлегі Айзере Өтемісованы ғылыми қызметкер ретінде жұмысқа алды.

Қазақстандағы тарих ғы­­лы­мының қалыптасуы мен дамуына өлшеусіз үлес қосқан тарих факультеті бүгінде өзінің көп­жылдық дәстүрін сақтай отырып, заман талабына сай білім беру мен ғылыми зерттеулерді ұштастырып келеді. Факультетте Қазақстан тарихы, дүние­жүзі тарихы, археология, эт­но­­логия, музей ісі, архивтану, деректану сияқты бағыттар бойынша жоғары білікті мамандар даярланады. Оқу үдерісі тәжірибемен жалғасып, сту­дент­­тердің кәсіби құзырет­те­рін қалыптастыруға ерекше мән беріледі.

Түлектер – тәуелсіз Қазақ­стан­ның тарихи санасын қалып­тас­тыруға үлес қосуға дайын жас зерттеушілер мен кәсіби мамандар. Олар оқу барысында архивтерде, музейлерде, археологиялық экспедицияларда, ғылыми-зерттеу орта­лық­тарында тәжірибе жи­­нақ­тап, дерекпен жұмыс іс­теу­дің, тарихи талдау жасаудың және ғылыми пікір қалыптастырудың заманауи әдістерін меңгерді.

Факультет қабырғасында қалыптасқан ғылыми орта, тәжірибелі оқытушы-про­фес­сор­­лардың тәлімгерлігі және академиялық еркіндік жастар­дың шығармашылық әлеуетін дамытуға кең мүмкіндік берді. Студенттер республикалық және халықаралық ғылыми конференцияларға қатысып, ғылыми мақалалар жариялап, академиялық ұтқырлық бағдар­ла­малары арқылы шетелдік жоғары оқу орындарында білім­дерін жетілдірді.

Бүгінгі түлек тек тарихшы ғана емес, ол – зерттеуші, са­­рап­шы, педагог, архивист, му­зей маманы, мәдени мұраны қорғаушы, мемлекеттік қызмет­кер әрі қоғамның тарихи жадын қалыптастыруға үлес қосатын интеллектуал тұлға. Тарих факультетінің түлектері білім беру ұйымдарында, ғылыми-зерттеу институттарында, ар­­хив­­тер мен музейлерде, мем­лекеттік басқару жүйесінде, халықаралық ұйым­дар­да және мәдениет саласында табысты еңбек етуге қажетті кәсіби даярлыққа ие.

2026 жылғы түлектер – өз ма­мандығын жүрек қалауымен таңдаған, ұлттық тарихқа құрметпен қарайтын, тарихи ақиқат пен ғылыми адалдық қағидаттарын ұстанатын жас буын. Олар өткенді тану арқылы болашақты бағамдайтын, та­рихи мұраны сақтай отырып, қоғамның зияткерлік дамуына үлес қосатын азаматтар ретінде қалыптасты.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультеті әрдайым өзінің түлектерімен мақтанады. Себебі бұл оқу орнын тамам­да­ған әрбір жас маман – білімнің, мә­дениеттің және ұлттық рух­тың жаршысы.

Ләйла ХАСАНАЕВА, 

Қазақстан тарихы кафедрасының ассистент-профессоры