Ардагер оқытушыларға құрмет көрсетілді
Қазақстан Республикасының Жоғары білім қызметкерлері күні және Халықаралық қарттар күніне орай, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ардагер оқытушыларына құрмет көрсетілді.

Ұрпақ тәрбиесі мен білім беру ісіне саналы ғұмырын арнаған ардагер ұстаздарға Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейіт Түймебаевтың атынан арнайы сыйлық себеттері табысталды.


Бұл игі бастама – университеттің білім мен ғылым саласының дамуына елеулі үлес қосқан аға буын өкілдеріне деген шынайы ілтипаты мен алғысының көрінісі. Ұстаздық жолды абыроймен өткерген ардагерлердің әрқайсысының университет тарихында өзіндік орны бар. Олардың кәсіби тәжірибесі, ғылыми-педагогикалық және азаматтық ұстанымы кейінгі буын үшін тағылымды мектеп болып жалғаса береді.


ҚазҰУ Баспасөз қызметі
Басқа жаңалықтар