Құрманбаева Толқын Серікбайқызы
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D05301 – Химия» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Құрманбаева Толқын Серікбайқызының «Қатты фазалы микроэкстракцияны пайдалана отырып іріктеу орнында қоршаған орта объектілеріндегі ұшпа органикалық қосылыстарды газхроматографиялық анықтаудың нақты әдістемелерін әзірлеу» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Зерттеу және талдаудың физика-химиялық әдістері орталығында және әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті химия және химиялық технология факультетінің аналитикалық, коллоидтық химия және сирек элементтер технологиясы кафедрасында орындалған.
Қорғау формасы — диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі — ағылшын тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Mehmet Öztürk — PhD, Мугла Сыткы Кочман университетінің профессоры (Мугла қ., Түркия);
2. Javier Hernández Borges — PhD, Ла-Лагуна университетінің профессоры (Сан-Кристобаль-де-ла-Лагуна қ., Испания).
Ғылыми жетекшілер:
1.Кенесов Б.Н., х.ғ.к., профессор, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы (Алматы қ., Қазақстан);
2.Косяков Дмитрий Сергеевич — химия ғылымдарының кандидаты, доцент, М.В. Ломоносов атындағы Солтүстік (Арктикалық) федералдық университетінің «Арктика» ұжымдық пайдалану орталығының директоры (Архангельск қ., Ресей).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1.Mariusz Marć — PhD, DSc, Eng., Гданьск политехникалық университеті химия факультетінің аналитикалық химия кафедрасының профессоры (Гданьск қ., Польша);
2.Maria Llompart — PhD, Сантьяго-де-Компостела университетінің профессоры (Сантьяго-де-Компостела қ., Испания);
3.Augustin-Cătălin Moț — PhD, Habil., Бабеш-Бойяи университеті химия және химиялық инженерия факультетінің химия кафедрасының қауымдастырылған профессоры (Клуж-Напока қ., Румыния).
Қорғау 2026 жылдың 11 қарашасында сағат 15:00-де әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 6D060600, 8D05301 — Химия, 6D072000, 8D07104 — Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы, 8D07102 — Химиялық инженерия, 6D072100, 8D07105 — Органикалық заттардың химиялық технологиясы, 6D073900, 8D07101 — Мұнайхимия мамандықтар тобы/білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және офлайн) түрде өтеді.
Zoom конференциясына қосылу: https://us02web.zoom.us/j/81417880779?pwd=aARuLVYHseBCbolfLHlRD1CegCt2ly.1
Идентификатор: 814 1788 0779
Басқа жаңалықтар