Студенттік қалашық әкімшілігі мен Жоғары студенттер кеңесінің кезекті кездесуі өтті. — ҚазҰУ

Студенттік қалашық әкімшілігі мен Жоғары студенттер кеңесінің кезекті кездесуі өтті.

13 қазан 2026
Студенттік қалашық әкімшілігі мен Жоғары студенттер кеңесінің кезекті кездесуі өтті.

2026 жылғы 13 қыркүйекте әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Студенттер қалашығында әкімшілік өкілдері мен Жоғары студенттер кеңесінің белсенді мүшелерінің кезекті жұмыс кездесуі өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – жаңа оқу жылына арналған жұмыс бағыттарын айқындау, студенттік бастамаларды қолдау тетіктерін талқылау және университеттің қоғамдық өміріне студенттердің белсенді қатысуын ынталандыру.

Жиын барысында алдағы кезеңге жоспарланған жобалар мен іс-шаралар қарастырылып, студенттердің құқықтары мен міндеттері, оқу үдерісіндегі жауапкершілігі және университеттің ішкі тәртіп қағидаларын сақтау мәселелері сөз болды. Сонымен қатар студенттік ортада өзара құрмет пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру, бастамашылдықты дамыту және қоғамдық жұмыстарға белсенді араласудың маңыздылығы атап өтілді.

Кездесу аясында студенттердің идеяларын жүзеге асыру мүмкіндіктері, жастардың көшбасшылық әлеуетін арттыру, студенттік ұйымдар арасындағы ынтымақтастықты нығайту және университет деңгейіндегі түрлі жобаларға қатысу мәселелері талқыланды.

Жоғары студенттер кеңесінің мүшелері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ұсыныстары мен пікірлерін білдірді. Ашық диалог форматында өткен кездесу студенттердің өзекті мәселелерін талқылауға, олардың ұсыныстарын ескеруге және алдағы бірлескен жұмыстың басым бағыттарын айқындауға мүмкіндік берді.

Кездесу қорытындысы бойынша студенттердің қоғамдық бастамаларын қолдау, олардың белсенділігін арттыру және университеттің қоғамдық өміріне кеңінен қатысуына қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастыруға басымдық берілді.

Мұндай кездесулер университет әкімшілігі мен студенттік өзін-өзі басқару өкілдері арасындағы байланысты нығайтып, жастардың көшбасшылық қасиеттерін дамытуға, жауапкершілігін арттыруға және университеттің қоғамдық өміріне белсенді араласуына ықпал етеді.