Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «6D020900 – Шығыстану» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Масабаев Қанат Ізимұлының «Жаһандану үдерісіндегі Қытай саяси жүйесінің трансформациясы және оның Қазақстан Республикасымен өзара байланысындағы көрінісі» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады.
Диссертация Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті Қытайтану кафедрасында орындалды.
Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс.
Қорғау тілі – орыс тілі.
Ресми рецензенттер:
1. Нурлан Кенжеахмет – PhD, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры. Мамандығы: 8D02202 «Тарих» (Алматы, Қазақстан);
2. Амребаев Айдар Молдашұлы – философия ғылымдарының кандидаты, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институтының профессоры. Мамандығы: 8D02201 «Философия» (Алматы қ., Қазақстан).
Ғылыми жетекшілер:
1.Дәуен Динара Бақыткерейқызы – PhD, Астана халықаралық университетінің доценті (Астана, Қазақстан);
2.Ян Сяоцзун – PhD, Макао университетінің профессоры (Макао, Қытай).
Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері:
1.Кондапалли Срикант (Kondapalli Srikanth) – PhD, Джавахарлала Неру атындағы университеттің профессоры (Нью-Дели, Индия);
2.Симтиков Жомарт Қудайбергенұлы – тарих ғылымдарының кандидаты, саяси ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры (Алматы қ., Қазақстан);
3.Қадыржанов Рүстем Қазақбайұлы – философия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҒЖБМ Ғылым комитетінің Философия, саясаттану және дінтану институтының аға ғылыми қызметкері (Алматы қ., Қазақстан);
Қорғау 2026 жылдың 19 қарашасы сағат 10:00-де Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ «6D020900, 8D02209 – Шығыстану» мамандықтар тобы/ білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас (онлайн және оффлайн) форматта, келесі мекен-жай бойынша өтеді: 050012, Алматы қ., Қарасай батыр көшесі, 95, Шығыстану факультеті.
Zoom конференциясына қосылу:
https://zoom.us/j/96787619990?pwd=4MBTFh1Sk8r6L9uHUydpFg3haAKaxY.1
Идентификатор: 967 8761 9990
Басқа жаңалықтар