ФИЗИКА-ТЕХНИКА ФАКУЛЬТЕТІНІҢ 2-КУРС СТУДЕНТТЕРІ ҚАЗҰУ МУЗЕЙІНДЕ БОЛДЫ
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің музейіне физика-техникалық факультеттің 2-курс студенттері танымдық сапармен келді.
Музейге экскурсия барысында студенттер ҚазҰУ-дың қалыптасу және даму тарихымен, көрнекті ғалымдарымен, маңызды ғылыми жетістіктерімен және университеттің еліміздің білім беру жүйесіндегі рөлімен танысты.
Сонымен қатар студенттер Қазақстанның бай тарихи-мәдени мұрасын бейнелейтін музей экспозицияларын тамашалап, Алтын адамға арналған бөлім арқылы ежелгі сақ дәуірінің тарихы мен мәдениеті туралы мағлұмат алды.
Мұндай танымдық кездесулер студенттердің дүниетанымын кеңейтуге, университет тарихына деген қызығушылығын арттыруға және ұлттық мәдени мұраны құрметтеуге ықпал етеді.