Санбаева Балым Жалғасқызы — ҚазҰУ
Санбаева Балым Жалғасқызы

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «8D01801 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін ұсынылған Санбаева Балым Жалғасқызының  «Шетелдік студенттердің университеттік ортаға әлеуметтік-педагогикалық бейімделуі» тақырыбындағы диссертациясы қорғалады. 

Диссертация әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің философия және саясаттану факультеті педагогика және білім беру менеджменті кафедрасында орындалған. 

Қорғау формасы – диссертациялық жұмыс. 

Қорғау тілі – қазақ тілі.

Ресми рецензенттер: 

  1. Менлибекова Гульбахыт Жолдасбековна - педагогика ғылымдарының докторы, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті психология кафедрасының профессоры (Астана қ., Қазақстан).
  2. Есказинова Жанар Амантаевна – философия докторы (PhD), қауымдастырылған профессор, академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университетінің шетел тілінен даярлаудың теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі (Қарағанды қ., Қазақстан).

    Ғылыми кеңесшілер: 

  3. Есенова Камчат Аугажыевна – PhD докторы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының аға оқытушысы (Алматы қ., Қазақстан);
  4. Юджел Гелисли (Yücel Gelişli) - PhD докторы, Гази университеті Білім беру факультетінің профессоры (Анкара қ.,Туркия).

Диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері: 

  1. Нихан Арслан (Nihan Arslan) – PhD докторы, Эскишехир Османгази университеті Білім беру факультетінің профессоры (Эскишехир қ., Түркия).
  2. Галимжанова Маржан Анесовна – педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, Алматы қаласы бойынша АҚ "Өрлеу біліктілікті арттыру ұлттық орталығы" филиалы кәсіби даму институтының директоры (Алматы қ., Қазақстан)
  3. Баженова Эльмира Дәулетханқызы – PhD докторы, І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің қауымдастырылған профессоры, «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» кафедрасының меңгерушісі  (Талдықорған қ., Қазақстан);

          Қорғау 2026 жылдың 27 қараша күні сағат 14:00 уақытында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Философия және саясаттану факультеті ғимаратының 123 мәжіліс залында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті жанынан құрылған «6D050100, 8D03101 – Әлеуметтану»; «6D050200, 8D03104 – Саясаттану»; «6D090500, 8D11401 – Әлеуметтік жұмыс», «6D012300, 8D01801 – Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану», «6D050300, 8D03107 – Психология», «6D010300, 8D01101 – Педагогика және психология», «8D03103 – Конфликтология» мамандықтар тобы мен білім беру бағдарламалары бойынша диссертациялық кеңесінде аралас форматта өтеді. 

Zoom конференциясына қосылу: https://zoom.us/j/98205264883?pwd=eMopf8AML04NEqMc1VRhGesVJeaqgX.1 

Идентификаторы: 982 0526 4883

Жергілікті этикалық комиссия қорытындысы